Едіге Алаң По. "Журналистің өлімі"

«Жазатын дым жоқ». ©Akzere

Franz Kafka. Der Process

… Есіктің алып бара жатқан тарсылынан әрең оянды. Еріне-періне қабырғадағы көкек-сағатқа алая қарады. Үш жарым! «Не қылған жарымес болды бұл?». Осындай ойлы мезеттер арасында есіктің тарсылына еті де үйреніп кетті. Көшіріп жіберердей қақыратып қағып жатса да, асықпай тұрып, алдымен әжетханаға беттеді. Ұзақтау кіштеді. «Біржола ұлысына да отырып алсам ба
Әрі қарай

Балалыққа салыну. 20-25 жыл бұрын...

Жігіттердің қолдарында — пластмасса күрек пен коланың қақпақтары, қыздардың басында — бантик, қолдарында қуыршақ(Қыдырәліден емес)

@patick:
— Э давай э, давай — палыццыя-бандиттер болып, атыс ойнайық? Мен «Торный плачпын» — айтып қойдым!
@Aizhantabyn:
— «Торный плач» емес,«Черный плащ»!!!
@patick:
— Қойня ғой.
@Aizhantabyn:
Әрі қарай

Презентацияны қалай жасаймын?

Аффтар керемет презентация жасаудың мэтрі емес, тек өзінің километрлеп көрген шетелдік презентациялардан түйгендерін оң жаққа салады. Жақсы нақ — ортаға салам.

ТАҚЫРЫП

Дүниеде тақырыптар тек екіге бөлінеді: өзекті тақырып және ит-шошқа тақырып. Өзекті тақырып деп, барлығы болмаса да, көпшіліктің тасын қасып, мазасын кетіріп жүрген мәселелерді атайды. Ит-шошқа тақырып деп, жұрттың барлығы онсыз да білетін, естіген, көрген қағидаларды сыдыртып қайталап шығудан тұратын баяндамаларды атайды. Мысалы, «Есенберлин шығармашылығы».
Әрі қарай

Арақ туралы бірер фактілер

***
Генерал Улисс Грант азаматтық соғыс басталғанын мас күйінде естіген; мас күйінде соғысқан және мас күйінде оңтүстік әскерлерін талқандаған. Вашингтон өз пәрмендерінің бірінде: "… ал Грантқа келетін босақ… ол алқашқа менің атымнан екі бөшке скотч апарып беріңдер, сол да жарайд ол ептібайымайдқа! Пяншікатаңанәлетті әскерден сыпырғымен қуып жіберер ме еді, әттең — жеңімпаздарды сынауға хақымыз жоқ!" деген. Бір күні Грант кенеттен арақты қойып, БҚШ Президенті бовкетті.

***
Бір литр таза арақ — 953 грамм тартады.

***
Орыстанған жөйіт ғалым Дима Менделеев ағай 1885 жылдың 31 қаңтарында «Спирттің сумен
Әрі қарай

Стратиллат Меңдешев. "Реинкарнация"

Барзақтың ұзыннан-сонар кезегі әйтеуір жылжып, кезек — кеше өлген Муапық Раймондоға да келіп жетті.
Шива оған алая қарап:
— Тарақан қылжіверсем — тым қатал болатын сияқты: бала күніңде храм өртеніп жатқанда сөндіруге қолұшыңды бергенсің бе… — деп, Тағдыр Кітабына үңілді.
— Иә, иә! — деді Муапық. Со бір болмашы ісі есіне түсіп, өлердей қуанды.
-Тәйт! — деді Шива үшінші оң қолымен өңменінен итеріп, — әрі тұр! Күнәлерің де шаш-етектен! Масқара! Мына жерде…
Әрі қарай